Жаһандық қатысуды кеңейтудегі маңызды кезең: миллионыншы Chery Tiggo 7 авткөлігі экспортқа жіберілді
2024 жылғы 01 қарашада Chery Tiggo 7 желісі тағы бір маңызды кезеңге жетті: Қытайдағы Уху портынан автокөліктің миллионыншы данасы жіберілді.
Chery Group басқармасының төрағасы Инь Тунъюэ (Yin Tongyue) миллионыншы дананың шығуы концернге жаңа серпін беретінін атап өтті. Chery әр автокөлік бүкіл әлем бойынша клиенттердің сеніміне ие брендтің «алтын беделін» сақтауы үшін өнім мен қызмет сапасын жақсартуға тырысады.
Chery концерні «in China, for Global» («Қытайда, бүкіл әлем үшін өндірілген») философиясын дәйекті түрде ұстана отырып, жергілікті заңнама талаптарына сәйкес келетін, нарық қажеттіліктеріне бағдарланған және жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие халықаралық нарыққа арналған автокөліктерді әзірлейді.
2024 жылғы 01 қарашада Chery Tiggo 7 желісі тағы бір маңызды кезеңге жетті: Қытайдағы Уху портынан халықаралық нарыққа миллионыншы автокөлік жіберілді. Бұл модель үш жыл қатарынан қытайлық автоөндірушілердің А класындағы кроссовер сегментінде экспорт көлемі бойынша көшбасшы болып, халықаралық нарықтарда әсерлі жетістіктерге қол жеткізіп, керемет өнімділігі мен сапасының арқасында әлемдік құрметке ие болды.
TIGGO 7 кроссоверлер тобы халықаралық аренада беделді марапаттарға ие бола отырып, әсерлі сату нәтижелерін көрсетеді. Олардың ішінде ANCAP бес жұлдызды қауіпсіздік рейтингісі, сондай-ақ China Automotive Performance, Execution, and Layout (APEAL) және China Initial Quality Study (IQS) зерттеулері бойынша жоғары бағалар бар. Осы жеңістердің арқасында TIGGO 7 өзін әлемдік А‑класындағы кроссовер нарығында эталон ретінде көрсетті.
Миллионыншы экспорттық үлгіні шығаруға арналған салтанатты рәсімде Chery Group басқармасының төрағасы Инь Тунъюэ бұл дамуға жаңа серпін беретін маңызды межеге жетуді білдіреді деп атап өтті. Инь мырза Chery концернінің мақсаты TIGGO 7 сатылымының өсуін қамтамасыз ету және бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың сүйіспеншілігі мен сеніміне ие қытайлық брендтің «алтын беделін» қолдайтын автокөліктер шығару екенін атап өтті.
Chery концерні өзінің «In China, For Global» философиясына сүйене отырып, нарықтың нақты талаптарына бағытталған және бәсекеге қабілеттілігі жоғары жергілікті заң талаптарына сәйкес келетін автокөліктер жасайды. Сонымен қатар Chery өндірісті белсенді түрде біріктіріп, оны жергілікті жағдайларға бейімдеп, экономикалық және әлеуметтік дамуға ықпал ете отырып, «In somewhere, For somewhere» («Барлық жерде, барлығы үшін») локализация стратегиясын жүзеге асырады.
TIGGO 7 моделінің айрықша сипаттамалары мен сенімділігі халықаралық нарықтарда тұтынушылардың үлкен құрметіне ие болды. Оңтүстік Америкада автокөлік өзінің қуатты қозғалтқышы мен жол талғамайтын мүмкіндіктерінің арқасында өте танымал; Азия-Тынық мұхиты аймағында ол ыстық және ылғалды жағдайларға оңай төтеп бере отырып, жоғары бағаға ие болды; оңтүстік-шығыс Азияда қуатты және сенімді TIGGO 7 тропикалық климат пен қиын жол жағдайларында сәтті қолданылып, жоғары сұранысқа ие болды.
Tiggo 7 миллионыншы экспорттық данасын шығарумен Chery концерні өзінің жаһандық қатысуын кеңейту тарихының жаңа тарауын ашады. Chery брендтің әлемдік нарықтардағы позициясын нығайтуды жалғастырады және күш-жігерін жаһандық ауқымда тұтынушылар үшін өнімдер мен қызметтерді жақсартуға бағыттайды. Өз қызметінде Chery сонымен қатар өзі қатысатын барлық нарықтардағы экономикалық және әлеуметтік прогреске үлес қоса отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін ұстанады.
Chery концерні туралы
Chery концерні 1997 жылы құрылған және 21 жыл қатарынан Қытайдың ең ірі автокөлік экспорттаушысы болып қала отырып, бүкіл әлем бойынша 100-ден астам ел мен аймақта жұмыс істейді. 2024 жылғы Fortune Global 500 тізімінде Chery Group 385-орында болды. Сонымен қатар Chery Fortune журналы шығарған «2024 жылғы ESG бойынша Қытайдың беделді компанияларының тізіміне» енгізілген үш қытайлық автоөндірушінің бірі болды.
Chery Group 2024 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін 1,75 миллион автокөлікті өткізе отырып, дамуын жалғастырып келеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 %-ға көп. Оның ішінде 830 000 автокөлік экспортқа шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 %-ға артық. 2024 жылғы тамыздың соңында бүкіл әлем бойынша Chery автокөліктерін пайдаланушылардың жалпы саны 15 миллионнан асты.
Chery экспорттық өнімдерінің қатарына Tiggo, Arrizo және eQ сериялары кіреді, олар іштен жану қозғалтқыштары бар модельдерді, аккумулятормен жұмыс істейтін электрмобильдерді, қайта зарядталатын гибридті электрмобильдерді ұсынады. «Экологиялық, технологиялық, отбасылық және достық құндылықтарын ұстанудың» негізгі принциптеріне сүйене отырып, Chery экологиялық және төмен көміртекті жобаларға және жаңа энергия көздері, интеллектуалды байланыс, бірлескен ұтқырлық, платформалар және экожүйелер сияқты жаңа бағыттарды игеруге бағытталған стратегияны жүзеге асырады.
Chery қоршаған ортаны қорғауға, кедейлік деңгейін дәйекті түрде төмендетуге және білім беру мақсаттарына қайырымдылық жинауға бағытталған дүние жүзіндегі әртүрлі акцияларға қатысу арқылы қоғамдық әл-ауқатты жақсартуға белсенді күш салады. Осылайша, Chery «Жаһандық білім берудің тақырыптық бағдарламасы» аясында ЮНИСЕФ-ке (Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балаларға көмек көрсетудің халықаралық төтенше қоры) қолдау көрсету үшін 6 миллион АҚШ долларын сыйға тартты, бұл концерннің халықаралық қауымдастық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді.
Chery бес SASAC (Мемлекеттік мүлікті бақылау және басқару комитеті) және CICG (Қытай халықаралық коммуникациялық тобы) байқауларында «Үздік 20 жаһандық имиджі бар компанияның» қатарына енді. Kantar BrandZ Top 50 Chinese Brand Builders 2024 рейтингісінде Chery автокөлік өндірушілері санатында бірінші орынға ие болды. Chery концерні J.D.Power агенттігі жариялаған China Initial Quality Study (IQS) 2024 жаңа автокөліктердің сапасын зерттеу нәтижелері бойынша Қытайдың ең үздік отандық брендтері арасында бірінші орынды иеленіп, өзінің көшбасшылығын тағы да растады. Бұл 2024 жылы China sales Satisfaction Index (SSI) зерттеуінде және China Automotive Performance, Execution and Layout (APEAL) зерттеуінде жоғары баға алғаннан кейін брендтің үшінші үлкен жетістігі болды.
Тест-драйвке жазылу
Бізге әлеуметтік
желілерде қосылыңыз
Сервиске жазылу
Қолайлы Chery автокөлігін таңдаңыз және сервиске жазылыңыз
Байланыстар
Сізге ең жақын автокөлік дилерінің мекенжайын табыңыз
Қосалқы бөлшектер
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Қосымша жабдық
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.